Вакансия актуальна

Қауымдастықпен жұмыс бойынша қызметкер

246 000 – 246 000 ₸

Расположение

микрорайон Мушелтой, 8/2

Открыть на карте

О вакансии

MSF (Médecins Sans Frontières / «Шекарасыз дәрігерлер») — бұл халықаралық, тәуелсіз, медициналық-гуманитарлық ұйым. Ол әлемнің 70-тен астам елінде соғыс қақтығыстарынан, табиғи апаттардан, індеттерден және мәжбүрлі көші-қоннан зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
MSF Қазақстанның Алматы және Талдықорған қалаларында қандастар қауымының осал топтарына психоәлеуметтік және медициналық қызмет алуды жеңілдетуге бағытталған жобаны іске асыруда.

Негізгі мақсаты

MSF-тің қауымдастық негізіндегі денсаулықты нығайту және рухани саулық қызметтерін қолдау мақсатында тұрақты кеңседен тыс сапарлар жасау (аутрич), қауымдастықпен өзара әрекеттесу, көмекке мұқтаж адамдарды анықтау және оларды MSF қызметтеріне бағыттауға жәрдемдесу. Бұл жұмыс қоғам белсенділері және қоғамдық қызмет командасымен тығыз үйлесімде жүзеге асырылады.

Міндеттері

1. Қауымдастықпен жұмыс және сыртқы сапарлар (аутрич) (50%)

  • Жоба жоспарына сәйкес белгіленген аумақтарда тұрақты аутрич жұмыстарын жүргізу
  • Қауымдастық мүшелерімен сыйлы қарым-қатынас орнатып, MSF қызметтері мен іс-шаралары туралы нақты ақпарат беру
  • Қауымдастық іс-шаралары мен топтық белсенділіктерді ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсету
  • MSF пен қауымдастық арасындағы сенім мен оң қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу

2. Осал адамдарды анықтау және бағыттау

  • Диагноз қоймай, мұқтаждық немесе рухани күйзеліс белгілері бар адамдарды анықтау
  • Өз құзыреті шеңберінде базалық рухани қолдау көрсету және психологиялық алғашқы көмек (PFA) қағидаларын қолдану
  • Бекітілген жолдамалар жүйесіне сәйкес бенефициарларды MSF қызметтеріне бағыттау
  • Шұғыл жағдайларды (өзін өзі қорғау немесе қол жұмсау қаупін қоса алғанда) MSF хаттамаларына сәйкес дереу қоғамдық қызметкер немесе супервайзерге хабарлау

3. Қоғам белсенділерімен ынтымақтастық

  • Қауымдастықпен жұмыс іс-шараларын қолдау үшін қоғам белсенділерімен тығыз жұмыс істеу
  • Қоғам белсенділері мен қоғамдық қызмет командасын байланыстыру
  • Қоғам белсенділеріне MSF хабарламаларын, рөлдерін және жолдама рәсімдерін түсінуге көмектесу

4. Есеп беру және құжаттама

  • Аутрич қызметтері мен қауымдастық пікірлерін уақтылы әрі нақты тіркеу
  • Қиындықтар, тәуекелдер және бақылаулар туралы қоғамдық қызметкер және/немесе қоғамдық қызмет бойынша супервайзерге хабарлау
  • Тұрақты есеп беру және тәжірибе алмасу үдерістеріне қатысу

5. Этика, құпиялылық және зиян келтірмеу қағидасы

  • Барлық жағдайда MSF қағидаларын, мінез-құлық ережелерін және дәрігерлік этиканы сақтау
  • Бенефициарлар туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда келісімдерін алу
  • Қауымдастық мүшелерімен жұмыс барысында «зиян келтірмеу» қағидасын ұстану

6. Командамен жұмыс және өзіне қамқорлық көрсету

  • Супервизияларға, тренингтерге және командалық кездесулерге қатысу
  • Өзінің рухани және көңіл-күй жағдайын бақылап, қажет кезде көмек сұрай білу
  • Құрметке негізделген және бір-бірін қолдайтын орта қалыптастыруға үлес қосу

Білімі

  • Жоғары білім (бакалавр дәрежесі) міндетті
  • Денсаулықты нығайту, әлеуметтік жұмыс немесе қауымдастықты дамыту саласындағы қосымша дайындығы болса артықшылық береді

Тәжірибесі

  • Қауымдастықпен жұмыс, гуманитарлық сала немесе осал топтармен жұмыс тәжірибесі болғаны абзал
  • Жергілікті қауымдастықтарды жақсы білуі міндетті

Тіл білімі

  • Қазақ тілін және төте жазуды еркін меңгерген;
  • Орыс тілін білгені абзал.

Қажетті дағдылар мен қасиеттер

  • Жоғары коммуникациялық және тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары
  • Мәдени ерекшеліктерге сезімталдық және құрмет
  • Өз бетінше және команда құрамында жұмыс істей алу
  • Қарапайым есеп беру және ұйымдастырушылық дағдылар
  • Көңіл-күй тұрақтылығы және этикалық шешім қабылдау қабілеті

Жұмыс шарттары:

  • Кеңсе Талдықорған қаласы, Мүшелтой ықшам ауданы 8/2 мекенжайында
  • Талдықорған аймағында кеңседен тыс сапарлар
  • Аптасына үш күн сағат 8:00-17:00 (жұмыс күндері жетекшімен өзара келісіледі)
  • Айлық салық ұсталғанға дейін 246 000 теңге

Қандастардың өтінім беруі құпталады!

Қызығушылық танытқан үміткерлер, 2026 жылғы 10 қыркүйекке дейін осында өтінім қалдыруына немесе түйіндемесін төменде көрсетілген нөмірге жолдауына болады. Біз жоғарыда аталған талаптарға сәйкес іріктелген үміткерлермен ғана байланысқа шығамыз.

Жұмысқа алу барысында ешқандай ақшалай ұсыныстарға, тауарларға немесе қызметтерге, сондай-ақ іштартарлыққа жол берілмейді. MSF мұндай әрекеттерге барған кез келген үміткерден бас тартуға қақылы.

Рыночный ориентир

Около медианы
260 000 ₸

На основе 5 предложений с зарплатой для Работа на частичную занятость в Талдыкоргане

Подробный разбор зарплат

Похожие вакансии

Все похожие вакансии
A-DISTRIBUTION Талдыкорган ·

Бухгалтер

200 000 – 200 000 ₸
Полный день1–3 годаВ офисеТалдыкорган
ГК SABYRZHAN GROUP Талдыкорган ·

Супервайзер г.Текели

Зарплата не указана
Стажировка3–6 летВ офисеТалдыкорган

Частые вопросы

Какую зарплату можно ожидать?

Работодатель указывает 246 000 – 246 000 ₸ для этой роли в Филиал Ассоциации Врачи без границ (Швейцария) в Казахстане, Талдыкорган. Для сравнения медиана рынка — около 260 000 ₸ по 5 похожим предложениям.

Как откликнуться на вакансию?

Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.

Вакансии актуальные?

Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.

Где посмотреть тип занятости и формат работы?

Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по Филиал Ассоциации Врачи без границ (Швейцария) в Казахстане и Талдыкорган.

Откликнуться