Вакансия актуальна

Менеджер по продажам

700 000 – 2 000 000 ₸
100 Kvadratov KZАлматы

Расположение

улица Кабдолова, 22Б

Открыть на карте

О вакансии

Біз — қаржылық қызметтер саласында жұмыс істейтін қазақстандық консалтингтік компаниямыз.

Клиенттерімізге ипотека рәсімдеуге, несие алуға, кепілмен қаржыландыруға, бизнеске қаржы тартуға және қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауға көмектесеміз.

Қазақстандағы жетекші банктермен жұмыс істейміз және клиентті алғашқы консультациядан бастап нақты нәтижеге дейін сүйемелдейміз.

Қазір командамызды кеңейтіп, белсенді, коммуникабельді және жоғары табысқа ұмтылатын менеджерлерді іздейміз.

🔥 СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ:

• Клиенттермен байланысып, олардың қажеттіліктерін анықтау
• Ипотека, несие және қаржыландыру бағдарламалары бойынша кеңес беру
• Клиенттің қаржылық жағдайын талдап, тиімді шешімдерді ұсыну
• Қажетті құжаттарды жинау және тексеру
• Клиентті өтініш берген сәттен бастап мәміле аяқталғанға дейін сүйемелдеу
• Банктермен және компания серіктестерімен жұмыс жүргізу
• Клиенттер базасымен және CRM жүйесімен жұмыс жасау
• Жоспарлар мен KPI көрсеткіштерін орындау
• Клиенттерге сапалы қызмет көрсету

🎯 БІЗ КІМДІ ІЗДЕЙМІЗ?

Бізге жай ғана «жұмыс істейтін» қызметкер емес, өзінің кәсіби және қаржылық деңгейін көтергісі келетін адам қажет.

Сіз:

• Адамдармен еркін сөйлесе аласыз
• Сатылым мен келіссөздерден қорықпайсыз
• Жаңа ақпаратты тез меңгересіз
• Жауапкершілігі жоғарысыз
• Командамен жұмыс істей аласыз
• Бастама көтеруден қорықпайсыз
• Нәтижеге бағытталғансыз
• Көп табыс табуға және дамуға қызығушылық танытасыз

Сату, банк, жылжымайтын мүлік, сақтандыру немесе консалтинг саласындағы тәжірибе — үлкен артықшылық.

💰 БІЗ НЕ ҰСЫНАМЫЗ?

• Жұмыс кестесі: 6/1, 10:00–18:00
• Тұрақты табыс + нәтижеге байланысты бонус жүйесі
• Ай сайынғы сыйақылар
• Компания есебінен толық оқыту
• Қаржы саласында кәсіби даму мүмкіндігі
• Карьерлік өсу мүмкіндігі
• Ыңғайлы кеңсе
• Мықты әрі ұйымшыл команда
• Сынақ мерзімінен кейін ресми жұмысқа қабылдау

🚀 НЕГЕ БІЗБЕН БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК?

Біздің қызметіміз адамдарға нақты қажет.

Сіз жай ғана қызмет сатпайсыз — адамдарға қаржылық мәселелерін шешуге, баспана алуға және өз жоспарларын жүзеге асыруға көмектесесіз.

Егер сіз белсенді болсаңыз, адамдармен жұмыс істегенді ұнатсаңыз, сатылым саласында дамып, өз нәтижеңізге қарай жоғары табыс тапқыңыз келсе — біз сізді командамыздан күтеміз!

📩 Резюмеңызды жіберіңіз — лайықты кандидаттармен байланысамыз.

Рыночный ориентир

на 192% выше медианы
462 040 ₸

На основе 23 218 предложений с зарплатой для Работа в офисе в Алматы

Подробный разбор зарплат

Похожие вакансии

Все похожие вакансии
Алма-Мебель, ТПК Алматы ·

Менеджер по продажам

600 000 – 1 000 000 ₸
Полный деньБез опытаВ офисеАлматы

Частые вопросы

Какую зарплату можно ожидать?

Работодатель указывает 700 000 – 2 000 000 ₸ для этой роли в 100 Kvadratov KZ, Алматы. Для сравнения медиана рынка — около 462 040 ₸ по 23 218 похожим предложениям.

Как откликнуться на вакансию?

Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.

Вакансии актуальные?

Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.

Где посмотреть тип занятости и формат работы?

Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по 100 Kvadratov KZ и Алматы.

Откликнуться