Помощник/ассистент руководителя
Помощник/ассистент руководителя — Mir_ipoteki.Batys, Атырау. Зарплата: 250 000 – 350 000 ₸. Условия: стажировка, в офисе. Опыт: 1–3 года. Опубликовано 30.09.2026. Отклик — на сайте hh.kz: кнопка «Откликнуться» открывает исходную вакансию.
О вакансии
Ипотекалық және кредиттік брокердің ассистенті
Біз ипотекалық және кредиттік брокерге көмек көрсететін жауапты, ұқыпты және белсенді ассистент іздейміз.
Бұл жұмыс ипотека, кредит, қаржы және клиенттермен жұмыс саласында тәжірибе жинап, кәсіби дамуға жақсы мүмкіндік береді.
Міндеттері
- Клиенттердің кіріс өтініштерін қабылдау және өңдеу;
- Клиенттермен WhatsApp, Instagram және телефон арқылы байланысу;
- Клиенттерден қажетті құжаттарды жинау;
- Құжаттардың толықтығын тексеру;
- Әр клиент бойынша жеке құжаттар базасын жүргізу;
- Брокердің нұсқауы бойынша сауалнамалар мен өтініштерді толтыру;
- Банктерге өтінімдерді дайындау және жіберу;
- Өтінімдердің қаралу барысын бақылау;
- Банк қызметкерлерімен ағымдағы өтінімдер бойынша байланысу;
- Клиенттерге қажетті құжаттар мен әрекеттер туралы ескерту;
- Әр клиенттің мерзімдері мен келесі қадамын бақылау;
- CRM және жұмыс кестелерін жүргізу;
- Клиенттер базасын тұрақты жаңартып отыру;
- Клиенттерді консультацияға жазу;
- Брокердің күнтізбесі мен тапсырмаларын бақылау;
- Күнделікті жұмыс бойынша есеп дайындау;
- Бірде-бір клиент пен өтінімнің назардан тыс қалмауын қамтамасыз ету;
- Брокердің ағымдағы тапсырмаларын орындау.
Бізге қойылатын талаптар
- Қазақ және орыс тілдерін жақсы білу;
- Сауатты сөйлеу және жазу;
- WhatsApp, Instagram, Excel/Google Таблицаларын еркін қолдана білу;
- Ұқыптылық және жауапкершілік;
- Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу;
- Белгіленген мерзімдерді сақтау;
- Клиенттермен дұрыс және сыпайы қарым-қатынас жасай білу;
- Тез үйрену қабілеті;
- Өз жұмысын өз бетінше ұйымдастыра білу;
- Құжаттармен жұмыс істеуге дайын болу;
- Клиенттермен жұмыс тәжірибесі, банк, кредит немесе ипотека саласындағы тәжірибе — артықшылық.
Тәжірибесі жоқ кандидаттарды да қарастырамыз. Ең бастысы — жауапкершілік, тәртіп және үйренуге деген ниет.
Біз не ұсынамыз
- Ипотекалық және кредиттік брокермен тікелей жұмыс;
- Қаржы саласында кәсіби тәжірибе жинау;
- Түсінікті міндеттер мен KPI жүйесі;
- Тұрақты жалақы + жұмыс нәтижесіне байланысты бонус;
- 6/1 жұмыс кестесі;
- Жұмыс уақыты: 9:00-19:00
- Жұмыс орны: Атырау, БЦ Номад
- Ресми жұмысқа орналасу
- Кәсіби өсу мүмкіндігі.
Біз қандай адамды іздейміз?
Бізге әр тапсырма үшін үнемі нұсқау күтпейтін адам қажет.
Клиент құжат жібермеді — сіз еске саласыз.
Банк жауап бермеді — сіз мәртебесін тексересіз.
Мәселе туындады — сіз бірден брокерге хабарлайсыз.
Клиенттің өтінімі бар — оның келесі қадамы сіздің бақылауыңызда болады.
Басты талап — жауапкершілік, ұқыптылық және дамуға деген ниет.
Егер сіз қаржы, ипотека және кредит саласында дамып, кәсіби маман болғыңыз келсе — біз сізді командаға шақырамыз.
Смотрите также
Похожие вакансии
Все похожие вакансииРуководитель отдела бурения
Руководитель службы капитального ремонта скважин
Руководитель службы по заканчиванию скважин
Руководитель службы аренды бурового и ловильного оборудования
Менеджер по работе с корпоративными клиентами
Бухгалтер по управлению основными данными
Частые вопросы
Какую зарплату можно ожидать?
Работодатель указывает 250 000 – 350 000 ₸ для этой роли в Mir_ipoteki.Batys, Атырау.
Как откликнуться на вакансию?
Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.
Вакансии актуальные?
Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.
Где посмотреть тип занятости и формат работы?
Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по Mir_ipoteki.Batys и Атырау.

