Ғылыми кітапхана директоры
Ғылыми кітапхана директоры — Учреждение SDU University, Алматы. Условия: полный день, в офисе. Опыт: 3–6 лет. Опубликовано 05.11.2026. Отклик — на сайте hh.kz: кнопка «Откликнуться» открывает исходную вакансию.
О вакансии
SDU University Ғылыми кітапхананы университеттің даму стратегиясына сәйкес дамытатын, кітапхана қорын халықаралық стандарттарға сай қалыптастыратын және заманауи кітапханалық технологияларды енгізетін тәжірибелі басшыны жұмысқа шақырады.
- Негізгі міндеттері:
-
Университет стратегиясына сәйкес кітапхананы дамыту басымдықтарын анықтау, даму жоспарын әзірлеу және оның орындалуын қадағалау.
-
Ғылыми кітапхананың барлық бөлімдерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру.
-
Қазақстандағы кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен республикалық жобалар аясында жұмыс жүргізу.
-
Кітапхана бюджетін қалыптастыру, сатып алулар мен келісімшарттардың орындалуын және қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау.
-
Кітапхана қорын қалыптастыруды, сақтауды, есепке алуды және тиімді пайдалануды басқару.
-
Университеттің оқу және ғылыми қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету.
-
Баспа және электрондық ресурстарға, деректер қорларына және ғылыми ақпаратқа қолжетімділікті ұйымдастыру.
-
Автоматтандырылған жүйелерді, цифрлық платформаларды және электрондық кітапханаларды енгізу және қолдау.
-
Кітапхана қызметтерінің сапасын жүйелі бағалауды ұйымдастыру және оны үздіксіз арттыру.
-
Институционалдық және бағдарламалық халықаралық аккредиттеу рәсімдеріне қатысу, өзін-өзі бағалау есептерін дайындау.
-
Ішкі нормативтік құжаттарды, тұрақты есептерді және талдамалық жазбаларды әзірлеу.
-
Кітапхана ұжымын басқару, тапсырмаларды бөлу, қызметкерлердің кәсіби дамуын және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
-
Сыртқы байланыстарда кітапхана мүддесін білдіру: басқа кітапханалармен, ғылыми және мәдени мекемелермен, баспалармен және кәсіби қауымдастықтармен өзара әрекеттесу.
-
Конференцияларға қатысу, тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, семинарлар мен тренингтер өткізу.
- Талаптар:
-
Кітапхана ісі, ақпараттық технологиялар, құжаттану, гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
-
Кітапхана ісі, ақпараттық ресурстарды басқару, білім немесе ғылым саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.
-
Ағылшын тілін Intermediate (B1) деңгейінде білу.
-
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу.
-
АБИС, DSpace, SpringShare сияқты ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білу.
-
Ақпаратты талдау және ғылыми көрсеткіштермен жұмыс істеу дағдылары.
-
Компьютерлік сауаттылық (MS Office, Office 365, Google Apps және т. б.).
-
Кітапхана стандарттарын (ГОСТ, RDA, MARC және т. б.), электрондық кітапханалар мен ғылыми базаларды (Scopus, Web of Science, eLibrary) білу.
-
Қазақстан Республикасының білім, ғылым және авторлық құқық салаларындағы заңнамасын білу.
-
Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудегі халықаралық тәжірибе мен қазіргі үрдістерді білу.
- Жеке қасиеттері:
-
Стратегиялық, сыни және шығармашылық ойлау.
-
Ұжымда жұмыс істей білу және қақтығыстарды шешу дағдылары.
-
Басымдықтарды анықтай білу, уақытты басқару және жұмысты ұйымдастыру.
-
Коммуникативтік дағдылар және түрлі мәдениет өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасай білу.
-
Аналитикалық немесе ғылыми-зерттеу қабілеті.
- Артықшылық болып саналады:
-
Ғылыми дәреженің болуы (PhD, ғылым кандидаты немесе докторы).
-
Тиісті шетелдік жоғары білімнің немесе шетелдік кітапханалардағы жұмыс тәжірибесінің болуы.
-
Кітапхана ісі немесе ақпараттық қызмет көрсету саласында қайта даярлаудан не біліктілікті арттыру курстарынан өту.
- Әлеуметтік пакет:
-
Ағылшын тілі курстарына 50%-ға дейін жеңілдік.
-
Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, 08:30–17:30
-
Спортпен шұғылдану мүмкіндігі:жаттығу залы және үстел теннисі.
-
Университет кафесіндегі тамаққа 50% жеңілдік.
-
Медициналық қызметтерге қолжетімділік, оның ішінде «СКmed» медициналық орталығы мамандарының кеңестері.
-
Тегін психологиялық қолдау.
-
Кәсіби даму мүмкіндіктері: тренингтерге, семинарларға және халықаралық конференцияларға қатысу.
Смотрите также
Похожие вакансии
Все похожие вакансииҒылыми кітапхананың пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің маманы
Специалист отдела обслуживания пользователей (научная библиотека)
Директор Научной библиотеки
Frontend-разработчик
Разнорабочий
Электрик
Частые вопросы
Как откликнуться на вакансию?
Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.
Вакансии актуальные?
Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.
Где посмотреть тип занятости и формат работы?
Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по Учреждение SDU University и Алматы.
