Куратор/тьютор обучения
О вакансии
Компания туралы
Бақытбай Сабырбеков жетекшілік ететін «Фокус» бизнес-клубы — табысын, ойлау жүйесін және жүйелі дамуын арттыруға бағытталған кәсіпкерлер мен мамандар қауымдастығы.
Біз тек оқытпаймыз — қатысушыларды нақты нәтижеге дейін сүйемелдейміз:
• табыстың өсуі
• дағдыларды дамыту
• бизнесті масштабтау
Клуб форматы — бұл мықты орта, тұрақты талдаулар, оқыту және қатысушыларға үздіксіз қолдау көрсету.
Кімді іздейміз?
Бізге келесі міндеттерді атқаратын мықты куратор - наставник қажет:
• клуб қатысушыларымен тұрақты байланыста болу
• оларды оқу және даму процесінде сүйемелдеу
• прогресті бақылау (жеке және қаржылық)
• нәтижеге жеткізуге көмектесу
Бұл тек WhatsApp-та жауап беру емес — бұл клиенттің нәтижесіне әсер ететін маңызды рөл.
Міндеттері
• Клуб қатысушыларын сүйемелдеу (онлайн / мессенджер / қоңыраулар арқылы)
• Клуб өнімдері мен процестері бойынша қолдау және консультация беру
• Қатысушылардың белсенділігін бақылау
• Прогресті қадағалау:
— тапсырмалардың орындалуы
— тұлғалық өсу
— қаржылық нәтижелер
• Қатысушылардың вовлечённостын арттыру:
— еске салу
— мотивация беру
— белсенділіктен шығып кеткен қатысушыларды қайта тарту
• Нәтижелерді тіркеу және есеп жүргізу (CRM / кестелер)
• Командамен өзара жұмыс (маркетинг, кураторлар, жетекші)
Талаптар
• бизнес-клуб қатысушыларымен бірге жұмыс / сүйемелдеу / сервис саласында кемінде 1 жыл тәжірибе
• Коммуникация құра білу және клиенттің назарын ұстай алу
• Көп көлемдегі хаттармен және тапсырмалармен жұмыс істеу дағдысы
• Жауапкершілік және жүйелілік
• Тек ақпарат беріп қана қоймай, нәтижеге дейін жеткізе білу
• Сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу (қазақ және орыс тілі — міндетті)
Артықшылық болады:
• инфобизнес немесе оқыту жобаларындағы тәжірибе
• бизнес-процестерді, сатуды немесе даму жүйесін түсіну
Жұмыс шарттары
• Жұмыс форматы: офис
• График: 5/2, 09:00–18:00
• Жалақы:
фикс 250 000 тг + қатысушылардың вовлечённосты мен нәтижесіне байланысты бонус 250 000 жоғары
• Жоба ішінде өсу мүмкіндігі
• Кәсіпкерлік ортада даму және оқыту
Сіз не аласыз
• Адамдардың нәтижесіне нақты әсер ету мүмкіндігі
• Бизнес және клиенттік сервис саласында даму
• Кәсіпкерлер ортасы
• Кәсіби және қаржылық өсу мүмкіндігі
Егер сіз тек «клиенттерге жауап беріп» қана қоймай, олардың нәтижесі мен дамуына әсер етуге дайын болсаңыз — вакансияға отклик қалдырыңыз.
Рыночный ориентир
на 19% ниже медианыСмотрите также
Похожие вакансии
Все похожие вакансииПомощник/ассистент руководителя
Бухгалтер
Архитектор в студию дизайна интерьеров
Преподаватель английского языка
Инженер-техник в Фитнес клуб
Менеджер по работе с клиентами
Частые вопросы
Какую зарплату можно ожидать?
Работодатель указывает 250 000 – 500 000 ₸ для этой роли в TradingGroup, Алматы. Для сравнения медиана рынка — около 462 040 ₸ по 23 218 похожим предложениям.
Как откликнуться на вакансию?
Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.
Вакансии актуальные?
Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.
Где посмотреть тип занятости и формат работы?
Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по TradingGroup и Алматы.

