Вакансия актуальна

Математика пәні бойынша методолог

от 200 000 ₸

Расположение

улица Амангельды Иманова, 19

Открыть на карте

О вакансии

FM Online-ға математика пәні бойынша методолог қажет 📐

Бүгін сен құрастырған есепті ертең Қазақстанның мыңдаған оқушы шығаратынын елестетші. Ал бір оқушы үшін дәл сол есеп математикадан 50/50 нәтижесіне жетуге тағы бір қадам болуы мүмкін.

FM Online материалдарымен 2200+ оқушы білім алды, ал 2026 жылы 20 оқушымыз ҰБТ-да математикадан 50/50 нәтижесін көрсетті.

Біз әдістемемізді одан әрі күшейткіміз келеді. Сондықтан есептер құрастырып, мықты базалар жинақтап, оқушылар ҰБТ-ға дайындалатын материалдарды жақсартатын математика пәні бойынша методолог іздейміз.

Күнделікті жұмысың қандай болады?

— Көп көлемде математикалық есептер құрастырып, оларды A/B/C деңгейлеріне бөлу.

— Дайын материалдарды тексеру: математикалық және логикалық қателерді анықтап, есептердің оқу мақсаттарына сәйкестігін бақылау.

— Қажетті есепті іздеп уақыт жоғалтпау үшін тапсырмалар базасын тақырып, күрделілік деңгейі және форматы бойынша жүйелеу.

— Үй тапсырмаларын, тесттерді, пре-фокус, фокус және қосымша материалдарды жаңарту.

— Мұғалімдер және Академиялық бөліммен бірге оқушылар күнделікті қолданатын материалдарды жақсарту.

Өзіңді таныдың ба? 👀

— Математика, педагогика немесе соған жақын бағыт бойынша жоғары білімің бар.

— Математика пәнінен сабақ беру және/немесе методолог ретінде жұмыс істеу тәжірибең бар.

— Математиканы терең білесің: күрделі есептерді сенімді шығарып, қателерді байқап, шешу жолын негіздей аласың.

— Көп көлемдегі есептерді құрастырып, жүйелеп және оларды A/B/C деңгейлеріне бөле аласың.

Өзің құрастырған есептер жинағы, база немесе авторлық оқу материалдарың болса — бұл үлкен плюс.

FM Online-дағы work-life

💸 200 000 ₸ + қосымша жұмыс үшін бонустар — кітаптар, есептер жинағы, базалар және басқа да қосымша материалдар жасау бөлек төленеді.

⏰ График 6/1, 14:00–20:00.

🏠 Гибридті жұмыс форматы — жұмыстың бір бөлігін қашықтан, бір бөлігін командамен бірге орындайсың.

📚 2200+ оқушы қолданатын материалдармен жұмыс — сен құрастырған тапсырмалар шынымен үлкен аудиторияға жетеді.

✍️ Өз өнімдеріңді жасау мүмкіндігі — есептер базасын, жинақтарды, кітаптар мен жаңа оқу материалдарын жасай аласың.

🤝 Академиялық команда әрдайым қасыңда — математика сапасына сен сияқты мән беретін мұғалімдер және әріптестермен бірге жұмыс істейсің.

🏆 Жыл сайын үздік қызметкерлерді марапаттаймыз — жоғары нәтиже үшін ақшалай сыйлық, MacBook немесе саяхатқа жолдама алуға болады.

🎉 Командалық іс-шаралар мен тимбилдингтер — себебі FM Online тек есептер, кестелер мен дедлайндардан тұрмайды.

Егер есептің шартындағы қатені оны соңына дейін оқып үлгермей байқап қоятындардың қатарынан болсаң және дайын математикалық базаны жай қолданудан гөрі, оны өзің жасағың келсе — өтінім қалдыр.

Мүмкін, келесі оқушыны 50/50 нәтижесіне жеткізетін есепті дәл сен құрастырарсың

Рыночный ориентир

на 70% ниже медианы
659 760 ₸

На основе 408 предложений с зарплатой для Работа в гибридном формате в Астане

Подробный разбор зарплат

Похожие вакансии

Все похожие вакансии
Мұхамеджан Астана ·

HR Generalist | EdTech FM Online

от 400 000 ₸
Полный день1–3 годаВ офисеАстана

Частые вопросы

Какую зарплату можно ожидать?

Работодатель указывает от 200 000 ₸ для этой роли в Мұхамеджан, Астана. Для сравнения медиана рынка — около 659 760 ₸ по 408 похожим предложениям.

Как откликнуться на вакансию?

Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.

Вакансии актуальные?

Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.

Где посмотреть тип занятости и формат работы?

Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по Мұхамеджан и Астана.

Откликнуться