HR-рекрутер (FM Online)
HR-рекрутер (FM Online) — Мұхамеджан, Астана. Зарплата: от 300 000 ₸. Условия: полный день, в офисе. Опыт: 1–3 года. Опубликовано 30.10.2026. Отклик — на сайте hh.kz: кнопка «Откликнуться» открывает исходную вакансию.
О вакансии
Мықты команда өздігінен қалыптаспайды. Оның артында дұрыс адамдарды таба білетін мамандар тұрады.
Өзің тауып, жұмысқа шақырған адамның кейін командада жақсы нәтиже көрсетіп жүргенін көру — рекрутер жұмысының ең құнды сәттерінің бірі.
Қазір біз осындай нәтижеге бірге жететін рекрутер іздейміз!
FM Online — оқушыларды физика, математика және информатика пәндерінен ҰБТ-ға дайындайтын EdTech компаниясы.
Бүгінде командамызда 200-ден астам қызметкер бар. Компаниямыз дамып, командамыз өсіп келеді. Сондықтан бізге адамдардың қабілетін байқай алатын, рекрутингтің толық циклін өз бетінше жүргізетін және жұмысының нәтижесіне мән беретін маман қажет.
Сенің жұмысың қандай болады?
- Бөлім басшыларымен бірге командаға қандай маман қажет екенін анықтау;
- Әртүрлі платформалар мен іздеу арналары арқылы кандидаттарды табу;
- Кандидаттармен сұхбат өткізіп, олардың тәжірибесі мен қабілеттерін бағалау;
- Іріктеу кезеңдерін ұйымдастырып, кандидаттармен тұрақты байланыста болу;
- Кандидатты оффер қабылдаған сәттен бастап жұмысқа шыққанға дейін сүйемелдеу;
- ATS жүйесімен жұмыс істеп, іріктеу нәтижелерін талдау;
Бізге сай келесің, егер:
- Рекрутинг саласында кемінде 1 жыл тәжірибең болса;
- Вакансияларды толық циклмен өз бетіңше жүргізген болсаң;
- Бір уақытта бірнеше вакансиямен жұмыс істей алсаң;
- Сұхбат жүргізіп, кандидаттардың кәсіби қабілеттерін бағалай алсаң;
- Қазақ тілінде еркін сөйлеп, орыс тілінде жұмыс бойынша қарым-қатынас жасай алсаң;
- Жұмысыңды жүйелі ұйымдастырып, нәтижеге жауапкершілікпен қарасаң.
Біз саған не ұсынамыз? 💙
📍 Ыңғайлы жұмыс кестесі: 5/2, сағат 11:00–19:00, офисіміз Астана қаласы, Иманов көшесі, 19, «Алма-Ата» бизнес орталығында орналасқан.
📚 Кәсіби даму: айына 2 рет онлайн-оқыту және халықаралық тәжірибесі бар HR сарапшысы Майк Притуладан білім алу мүмкіндігі.
🤝 Кәсіби орта: HRD, HR Ops Lead, HR Brand, Office Manager және HR-менеджерден тұратын HR-командамен бірге жұмыс істеу.
🎉 Корпоративтік өмір: командамен жақынырақ танысып, бірге уақыт өткізуге арналған тимбилдингтер мен корпоративтік іс-шаралар.
🏆 Жетістіктерді бағалау: үздік нәтижелер көрсеткен қызметкерлерді марапаттау, сыйлықтар қатарында саяхат жолдамалары, MacBook және басқа да бағалы сыйлықтар бар.
🎂 Туған күнге Day Off: туған күніңде өзіңе және жақындарыңа уақыт бөлу үшін қосымша демалыс күні беріледі.
Біздің командаға қосыл! 🚀
Сен адамдардың әлеуетін байқай аласың. Ал біз сол қабілетіңді FM Online командасын қалыптастыруға бағыттауға шақырамыз.
Егер өзіңді біздің командамыздан көрсең және кәсіби дамуыңды бізбен бірге жалғастырғың келсе, түйіндемеңді жібер.
Танысайық! 💙
Смотрите также
Похожие вакансии
Все похожие вакансииHR-менеджер (FM Online)
Математика пәнінің методологы
Математика мұғалімі
Информатика пәні мұғалімі (FM Online)
Физика пәні мұғалімі (EdTech FM)
Сату менеджері
Частые вопросы
Какую зарплату можно ожидать?
Работодатель указывает от 300 000 ₸ для этой роли в Мұхамеджан, Астана.
Как откликнуться на вакансию?
Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.
Вакансии актуальные?
Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.
Где посмотреть тип занятости и формат работы?
Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по Мұхамеджан и Астана.
