Вакансия актуальна

HR-менеджер (FM Online)

от 300 000 ₸

HR-менеджер (FM Online) — Мұхамеджан, Астана. Зарплата: от 300 000 ₸. Условия: полный день, в офисе. Опыт: 1–3 года. Опубликовано 30.10.2026. Отклик — на сайте hh.kz: кнопка «Откликнуться» открывает исходную вакансию.

Расположение

улица Амангельды Иманова, 19

Открыть в Яндекс Картах

О вакансии

Компания өмірін сериал деп елестетші. Әр қызметкердің өз оқиғасы бар. Ал сен сол оқиғаның дұрыс басталып, жақсы аяқталуына көмектесесің.

Ал шынайы өмірде бұл — жаңа қызметкердің алғашқы жұмыс күніне дайын болуы, компанияға тез бейімделуі, құжаттарының ретімен жүргізілуі және жұмыстан шыққанда барлық процестің дұрыс аяқталуы.

FM Online — оқушыларды физика, математика және информатика пәндерінен ҰБТ-ға дайындайтын EdTech компаниясы. Бүгінде командамызда 150-ден астам қызметкер бар және біз әлі де дамып келеміз.

Қазір біз командаға қызметкерлерді бейімдеу, кадрлық құжаттарды жүргізу және оффбординг процестеріне жауап беретін HR менеджерді іздейміз.

Бізде HR маманы барлық жұмысты жалғыз атқармайды. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдаумен рекрутерлер, ал корпоративтік іс-шаралармен Office Manager және HR Brand айналысады. Сен өз бағытыңа жауап беріп, HR саласындағы білімің мен тәжірибеңді дамыта аласың.

🎯 Сенің негізгі міндеттерің:

  • Адаптация: жаңа қызметкерлердің жұмысқа шығуын ұйымдастыру, бейімделу кезеңінде қолдау көрсету және бөлім басшыларымен байланыста болу.
  • Кадрлық іс жүргізу (КДП): қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, демалысқа шығару және жұмыстан босату құжаттарын рәсімдеу, олардың дұрыс әрі уақытылы дайындалуын қадағалау.
  • Оффбординг: жұмыстан шығатын қызметкерлерді сүйемелдеу және барлық қажетті процестің дұрыс аяқталуын қамтамасыз ету.
  • HR-әкімшілік жұмыстары: HR жүйелеріндегі мәліметтерді жаңартып отыру, қызметкерлердің деректерін жүргізу және кадрлық сұрақтарына жауап беру.

🤝 Кімдермен жұмыс істейсің?

Сен HRD, HR Ops Lead, HR Brand, Office Manager, HR менеджер және рекрутерлерден тұратын HR команданың бір бөлігі боласың.

Бізде әр маманның өз бағыты бар. Бірақ бәріміздің мақсатымыз бір — қызметкерлерге түсінікті, ыңғайлы әрі жүйелі HR процестерін қалыптастыру.

Мұнда әріптестеріңмен тәжірибе алмасып, жаңа нәрселерді үйреніп, өз жұмысыңның нақты нәтижесін көре аласың.

Бізге сай келесің, егер:

  • HR, кадрлық іс жүргізу немесе әкімшілік бағытта кемінде 6 ай тәжірибең болса;
  • КДП негіздерін түсініп, құжаттармен мұқият жұмыс істей алсаң;
  • Excel, Google Docs және Google Sheets бағдарламаларын еркін қолдансаң;
  • Қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлеп, сауатты жаза алсаң;
  • Тапсырмаларды уақытында орындап, құжаттар мен жұмыс процестерін ретімен жүргізе алсаң;
  • Адамдармен жақсы тіл табысып, жеке ақпараттың құпиялығын сақтай білсең.

🎁 FM Online саған не ұсынады?

  • Майк Притуладан HR бойынша білім алу — халықаралық тәжірибесі бар HR сарапшысының білімін меңгеруге мүмкіндік.
  • Толыққанды HR команда — тәжірибелі әріптестермен бірге жұмыс істеп, HR саласында кәсіби өсуге мүмкіндік.
  • Туған күніңде Day Off — өзіңе және жақындарыңа уақыт бөлесің.
  • Тимбилдингтер мен корпоративтік кездесулер — әріптестеріңмен жұмыстан тыс уақытта да араласуға мүмкіндік.
  • Қызметкерлерді марапаттау — жақсы нәтижелерді бағалаймыз, ал сыйлықтар арасында саяхат жолдамалары, MacBook және басқа да бағалы сыйлықтар бар.
  • Жұмыс кестесі: 5/2, сағат 11:00–19:00.
  • Кеңсеміз: Астана қаласы, Иманов көшесі, 19, «Алма-Ата» бизнес орталығы.

🎬 Мүмкін, келесі оқиға сен туралы болар?

Егер адамдармен жұмыс істегенді ұнатсаң, барлық істің өз орнында болғанын қаласаң және HR саласында дамығың келсе — сенімен танысуға қуаныштымыз!

Өтінім қалдыр және HR саласында қандай процестермен жұмыс істегенің туралы айтып бер.

Сенің кәсіби жолыңдағы жаңа кезең FM Online-да басталуы мүмкін! 🚀

Похожие вакансии

Все похожие вакансии

Частые вопросы

Какую зарплату можно ожидать?

Работодатель указывает от 300 000 ₸ для этой роли в Мұхамеджан, Астана.

Как откликнуться на вакансию?

Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.

Вакансии актуальные?

Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.

Где посмотреть тип занятости и формат работы?

Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по Мұхамеджан и Астана.

Откликнуться на hh.kz

Откроется hh.kz: для отклика войдите или зарегистрируйтесь там — это бесплатно.