Сапа және қамқорлық бөлімінің маманы
Сапа және қамқорлық бөлімінің маманы — БІЛІМ CONSULTING, Астана. Условия: полный день, в офисе. Опыт: 3–6 лет. Опубликовано 03.11.2026. Отклик — на сайте hh.kz: кнопка «Откликнуться» открывает исходную вакансию.
О вакансии
GeOnline — ҰБТ-ға дайындық бойынша онлайн-мектеп. Біздің командамызда 270-тен астам қызметкер жұмыс істейді. Біз Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқушыларға сапалы білім беріп, грантқа түсуге көмектесеміз.
Қазіргі уақытта біз Сапа және қамқорлық бөлімін дамытып жатырмыз. Бізге оқушылар мен ата-аналардың өтініштерімен жұмыс істейтін, мәселелерді шешуге және қызмет сапасын жақсартуға үлес қосатын маман қажет.
Сіздің міндеттеріңіз:
- Оқушылар мен ата-аналардың қаражатты қайтаруға қатысты өтініштерін алғашқы қоңыраудан бастап мәселе толық шешілгенге дейін жүргізу: өтініштің нақты себебін анықтау, ықтимал шешім жолдарын ұсыну және шарт талаптарына сәйкес қаражатты қайтару рәсімін ұйымдастыру;
- Оқушылармен және ата-аналармен сұхбат жүргізу: оқу үдерісінде не ұнайтынын, қандай қиындықтар кездесетінін және оқуды тоқтатуға не себеп болатынын анықтау;
- Барлық өтініштерді кестеде және CRM жүйесінде тіркеу және есепке алу;
- Ай сайын өтініштердің негізгі себептері бойынша есеп дайындау, курс пен қызмет көрсету сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Академиялық бөліммен, сату бөлімімен және қаржы бөлімімен тығыз байланыста жұмыс істеу.
Қойылатын талаптар:
- 10–11 сынып оқушыларымен немесе олардың ата-аналарымен жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 2 жыл (мұғалім, репетитор, куратор, әдіскер);
- Қазақ және орыс тілдерін ауызша және жазбаша еркін меңгеру;
- Күрделі әңгімелерді сабырмен жүргізе білу: адамның эмоциясын түсіну және сонымен қатар келісілген талаптар мен міндеттемелерді сақтай білу;
- Google Sheets немесе Excel бағдарламаларында сенімді жұмыс істей білу;
- Ұқыптылық, ізденімпаздық және жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қажетті сұрақтарды қоя білу.
Қосымша артықшылық болады: ҰБТ-ға дайындық немесе онлайн-білім беру саласындағы тәжірибе, Bitrix24 CRM жүйесін меңгеру.
Біз не ұсынамыз:- Операциялық директормен бірге нөлден бастап жаңа бағытты қалыптастыру мүмкіндігі;
- Өнім мен қызмет сапасын жақсартуға тікелей ықпал ету: сіздің талдауларыңыз бен ұсыныстарыңыз басшылық деңгейінде қарастырылады;
- Үздік қызметкерлер үшін компания есебінен шетелге саяхат;
- Қазақстан оқушыларына жоғары оқу орнына түсуге көмектесетін, маңызы бар жобаның бір бөлігі болу;
-
Ресми жұмысқа орналасу.
Жұмыс шарттары:
- Формат: офлайн, Астана
- Жұмыс кестесі: 6/1.
Смотрите также
Похожие вакансии
Все похожие вакансииHR DIRECTOR
Менеджер по продажам курсов подготовки к ЕНТ
Сату бөлімінің басшысы (РОП)
Менеджер по продажам/Сату менеджері
Видеограф
Тимлид (Сату бөлімі)
Частые вопросы
Как откликнуться на вакансию?
Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.
Вакансии актуальные?
Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.
Где посмотреть тип занятости и формат работы?
Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по БІЛІМ CONSULTING и Астана.
