Вакансия актуальна

HR DIRECTOR

до 1 500 000 ₸
2 просмотров

HR DIRECTOR — БІЛІМ CONSULTING, Астана. Зарплата: до 1 500 000 ₸. Условия: полный день, в офисе. Опыт: 3–6 лет. Опубликовано 04.11.2026. Отклик — на сайте hh.kz: кнопка «Откликнуться» открывает исходную вакансию.

Расположение

проспект Туран, 34В

Открыть в Яндекс Картах

О вакансии

GeOnline — ҰБТ-ға дайындық бойынша онлайн-мектеп.

5 жыл ішінде біз 18 000-нан астам оқушыны оқытып, қарқынды дамып келеміз. Біздің оқушылар Қазақстан бойынша рекордтар орнатып, 50/50 максималды нәтижелер көрсетуде.

Біз бизнестің өсуіне тікелей әсер ететін, мықты команда қалыптастырып, HR жүйесін стратегиялық деңгейде дамыта алатын HR Director іздеп жатырмыз.

Сіздің негізгі миссияңыз:

GeOnline компаниясының өсу стратегиясын қолдайтын, нәтижеге бағытталған, таланттарды дамытатын және мықты корпоративтік мәдениетті қалыптастыратын HR экожүйесін құру.

Бізге процестерді жай ғана басқаратын емес, бизнестің өсуіне ықпал ететін HR көшбасшысы қажет.

Негізгі міндеттеріңіз

1. HR стратегия және ұйымдық даму

  • Компанияның бизнес мақсаттарына сәйкес HR стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
  • Компанияның қарқынды өсуіне дайын ұйымдық құрылым қалыптастыру;
  • Штат санын, HR бюджетін және персонал қажеттілігін жоспарлау;
  • CEO және ТОП-менеджментпен бірлесе отырып, ұйымдық тиімділікті арттыру;
  • HR процестерін жүйелеу, автоматтандыру және масштабтау.

2. Talent Acquisition & Talent Management

  • Негізгі және стратегиялық позицияларға мықты мамандар мен көшбасшыларды тарту;
  • Тиімді рекрутинг және кандидаттарды бағалау жүйесін қалыптастыру;
  • Talent Review, Succession Planning және Talent Pool процестерін үздіксіз жетілдіру;
  • Компания ішіндегі жоғары әлеуетті қызметкерлерді анықтау және дамыту;
  • Негізгі лауазымдар бойынша кадрлық резерв пен сабақтастық жүйесін құру.

3. Performance Management & Leadership Development

  • KPI, OKR және Performance Review жүйелерін Операциялық директормен бірге дамыту;
  • Басшылардың құзыреттілік моделін енгізу;
  • 360° бағалау жүйесін іске қосу;
  • Қызметкерлердің жеке даму жоспарларын (IDP) қалыптастыру;
  • Орта буын және ТОП-менеджмент көшбасшылық құзыреттерін дамыту;
  • Басқарушылардың командалық нәтижеге жауапкершілігін күшейту.

4. Корпоративтік мәдениет және Employee Experience

  • Компания құндылықтарын күнделікті жұмыс пен басқарушылық шешімдерге енгізу;
  • Қызметкерлердің компанияға бейілділігін, eNPS және engagement көрсеткіштерін жүйелі зерттеу;
  • Ашық кері байланыс, сенім және психологиялық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
  • Onboarding, Employee Journey және Retention процестерін жетілдіру;
  • Қызметкерлердің мотивациясы мен корпоративтік бенефиттер жүйесін дамыту;
  • Ішкі коммуникациялар мен корпоративтік бастамаларды басқару.

5. HR Operations & People Analytics

  • HR процестерінің ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • Еңбекақы, сыйақы және мотивация жүйелерін жетілдіруге қатысу;
  • HR аналитиканы дамыту: turnover, retention, time-to-hire, eNPS, performance және басқа көрсеткіштер;
  • HR шешімдерін деректерге және бизнес нәтижелеріне сүйене отырып қабылдау;
  • HR командасын басқару және оның тиімділігін арттыру.

Біз сізден не күтеміз?

  • HR саласында кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық позицияда кемінде 2–3 жыл тәжірибе;
  • HR стратегияны әзірлеу және іске асыру тәжірибесі;
  • Компанияның қарқынды өсуі немесе трансформация кезеңінде жұмыс істеген тәжірибе;
  • Performance Management, Talent Management және ұйымдық даму құралдарын тәжірибеде қолдану;
  • Басшылармен және бизнес иелерімен стратегиялық серіктес ретінде жұмыс істей алу;
  • HR аналитика, бюджеттеу және персоналды жоспарлау дағдылары;
  • ҚР еңбек заңнамасын білу;
  • Қазақ тілін еркін меңгеру.

Артықшылық беріледі:

HR жүйесін нөлден құрған немесе трансформациялаған мамандарға;

Бизнес көрсеткіштеріне нақты әсер еткен HR жобалары бар кандидаттарға.

Біз үшін маңызды жеке қасиеттер

  • Стратегиялық ойлау: HR шешімдерінің бизнеске әсерін түсіну;
  • Ownership: процестерге ғана емес, нақты нәтижеге жауап беру;
  • Көшбасшылық: адамдарды біріктіріп, дамыту және өзгерістерге жетелеу;
  • Жүйелілік: күрделі мәселелерден нақты, жұмыс істейтін жүйе қалыптастыру;
  • Батылдық: қажет кезде күрделі шешімдер қабылдап, ашық кері байланыс беру;
  • Адамға бағдарлану: бизнес нәтижесі мен қызметкерлер мүддесі арасындағы теңгерімді сақтау.

Біз не ұсынамыз?

Қазақстанның білім беру нарығында қарқынды дамып келе жатқан EdTech компаниясында жұмыс істеу;

Компанияның стратегиялық шешімдеріне тікелей қатысу;

CEO және ТОП-командамен тығыз жұмыс істеу;

HR функциясын дамытуға және өзгерістер енгізуге нақты мүмкіндік;

Кәсіби даму және көшбасшылық әлеуетті іске асыру мүмкіндігі;

Ашық коммуникацияға және жоғары нәтижеге бағытталған команда;

Бәсекеге қабілетті еңбекақы — сұхбат барысында талқыланады;

Астана қаласындағы заманауи офис

Жыл қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен қызметкерлерге шетелге шығу мүмкіндігі.

Біз үшін мықты HR - тек адамдармен жұмыс істейтін маман емес. Ол - бизнес нәтижесін адамдар арқылы қалыптастыратын стратегиялық көшбасшы.

Егер сіз HR-ды әкімшілік функция емес, бизнесті дамытатын стратегиялық құрал деп санасаңыз, GeOnline командасына қосылыңыз!

Похожие вакансии

Все похожие вакансии

Частые вопросы

Какую зарплату можно ожидать?

Работодатель указывает до 1 500 000 ₸ для этой роли в БІЛІМ CONSULTING, Астана.

Как откликнуться на вакансию?

Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.

Вакансии актуальные?

Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.

Где посмотреть тип занятости и формат работы?

Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по БІЛІМ CONSULTING и Астана.

Откликнуться на hh.kz

Откроется hh.kz: для отклика войдите или зарегистрируйтесь там — это бесплатно.