Домбыра Сату Маманы
О вакансии
🎼 ДОМБЫРАДА ОЙНАЙСЫЗ БА? ОНДА БҰЛ ВАКАНСИЯ СІЗ ҮШІН!
PERNE домбыра орталығы командасына домбыраны жақсы меңгерген сату менеджерін іздейміз.
Егер Сіз домбырада ойнай алсаңыз, адамдармен сөйлескенді ұнатсаңыз және жақсы табыс тапқыңыз келсе — біз Сізді командамызда көргіміз келеді! 🎼
💰 ТАБЫСЫҢЫЗ
150 000 ₸ оклад + сатылымнан пайыз
Менеджерлеріміздің орташа айлық табысы — 300 000–500 000 ₸.
Нәтижеңіз жоғары болған сайын, табысыңыз да жоғарылайды.
🏢 ЖҰМЫС ШАРТТАРЫ
🏢 Жұмыс форматы: офис
📍 Мекенжайы: Астана
🕐 Жұмыс кестесі: 6/1
Дүйсенбі–Сенбі: 10:00–19:00
Жексенбі: демалыс
🎯 СІЗДІҢ МІНДЕТТЕРІҢІЗ
— Келіп түскен клиенттердің өтінімдерін қабылдау;
— Клиенттерге домбыра таңдауға көмектесу;
— Домбыралардың ерекшеліктері туралы кеңес беру;
— Клиенттердің сұрақтарына жауап беру;
— Клиенттердің күмәні мен қарсылықтарымен жұмыс жасау;
— Сатылымды соңына дейін жеткізу;
— CRM жүйесімен жұмыс жасау.
Клиенттерді өзіңіз іздеп, суық қоңыраулар жасаудың қажеті жоқ — дайын өтінімдермен жұмыс істейсіз.
🎼 БІЗ СІЗДЕН НЕ КҮТЕМІЗ?
Ең басты талап — домбырада ойнай білу.
Сіз кәсіби музыкант болуыңыз міндетті емес. Бірақ домбыраны жақсы меңгеріп, бірнеше күй орындай алуыңыз және аспапты жақсы түсінуіңіз маңызды.
Сонымен қатар:
— адамдармен еркін қарым-қатынас жасай алсаңыз;
— сатуға қызығушылығыңыз болса;
— белсенді әрі жауапты болсаңыз;
— нәтижеге жұмыс істей алсаңыз;
— дамуға және жаңа нәрсе үйренуге дайын болсаңыз —
біз дәл Сізді іздеп жүрміз.
Сату саласындағы тәжірибе — артықшылық.
Егер Сіз домбыраны жақсы көрсеңіз, адамдармен жұмыс істеу ұнаса және айына 300 000–500 000 ₸ табыс тапқыңыз келсе, бізге өзіңіз туралы қысқаша ақпарат жіберіңіз.
Домбыраға деген біліміңізді табысқа айналдырыңыз. PERNE командасына қосылыңыз! 🎼
Рыночный ориентир
на 9% выше медианыСмотрите также
Похожие вакансии
Все похожие вакансииПреподаватель английского языка
Экспедитор
Менеджер по работе с клиентами
Кладовщик
Специалист по анализу и приобретению ирригационных систем
Диспетчер
Частые вопросы
Какую зарплату можно ожидать?
Работодатель указывает 150 000 – 600 000 ₸ для этой роли в PERNE, Астана. Для сравнения медиана рынка — около 344 730 ₸ по 5 097 похожим предложениям.
Как откликнуться на вакансию?
Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.
Вакансии актуальные?
Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.
Где посмотреть тип занятости и формат работы?
Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по PERNE и Астана.



