Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің инженері
О вакансии
Міндеттері:
— Түсірілім нысанын немесе тікелей эфирді жұмысқа дайындау кезінде шығармашылық бөлімшелерден түскен техникалық талаптар мен өтінімдерге сәйкес негізгі және қосымша техникалық жабдықтардың толықтығын тексереді;
— Студиядан тыс жазбаларға немесе трансляцияларға дайындық кезінде түсірілім жабдықтарын орнатады;
— Шығармашылық персоналмен келісілген мерзімде трактілерді, жазбаларды және тікелей эфирлерді өткізу үшін кешеннің толық дайындығын қамтамасыз етеді, соның ішінде бейне және дыбыс трактілерін, сондай-ақ сыртқы қосылу желілерін толық баптау мен тексеруді жүзеге асырады;
— Репетициялар, жазбалар және тікелей эфирлер кезінде сигнал параметрлерінің үздіксіз бақылауын қамтамасыз етеді;
— Жазба немесе тікелей эфир аяқталғаннан кейін кешенді жинақтайды, пайдаланылған жабдықтардың толықтығын тексереді және оларды тасымалдауға дайындайды;
— Жабдықтардың уақтылы әрі сапалы техникалық пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
— Сигнал параметрлерін үздіксіз басқаруды қамтамасыз етеді;
— Жабдықтарды жұмысқа уақтылы дайындайды және жабдықтардың негізгі параметрлеріне бақылау өлшемдерін жүргізеді;
— Жабдықтардың жұмысын бақылайды, теледидарлық және дыбыстық сигналдарға қатысты нормативтік құжаттардың талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, бағдарламалық-режиссерлік персоналдың қажетті коммутациялар, ауыстырып қосулар мен жалғаулар бойынша жедел талаптарын орындайды;
— Бағдарламалық-режиссерлік персоналмен бірлесіп резервтік жабдықтар мен арналарға ауысуды қамтамасыз етеді, апаттық жағдайда жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін жабдықтардың технологиялық мүмкіндіктерінің мәжбүрлі шектеулерін айқындайды және бұл туралы бағдарламалық-режиссерлік персоналды хабардар етеді;
— Телевизиялық жабдықтардың ақауларына жедел әрекет етеді және оларды уақтылы жояды;
— Телевизиялық жабдықтардың ақауларының себептерін анықтайды, істен шыққан блокты белгілейді және қажет болған жағдайда резервтік жабдықтарға ауысады;
— Техникалық құралдардың жүктеме кестесін сақтайды;
— Телевизиялық жабдықтарды техникалық пайдалану қағидаларын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, лауазымдық, пайдалану-техникалық және технологиялық нұсқаулықтарды, сондай-ақ өзге де нормативтік құжаттарды зерделейді және сақтайды;
— Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы техникалық құжаттама талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді орындайды;
— Өзінің функционалдық міндеттері шегінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды;
— Еңбек тәртібін, Корпорацияның ішкі тәртіп қағидаларын және осы ЛН талаптарын сақтайды, Корпорацияның бұйрықтары мен өкімдерін орындайды.
Талаптар:- Білімі: Жоғары техникалық білімі болса жұмыс өтілі қажет емес;
- Орта кәсіптік немесе орта техникалық білім болса инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл болу тиіс.
- Жұмыс кестесі: 5/2;
- Даму және мансаптық өсу мүмкіндігі;
- Әлеуметтік пакет (фитнес-залға жылдық корпоративтік клуб картасы, жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру, корпоративтік іс-шаралар);
- Мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйақылар;
- Жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек;
- Тұрақты еңбекақы;
- Үлкен әрі тату ұжымда баға жетпес тәжірибе.
Рыночный ориентир
Около медианыСмотрите также
Похожие вакансии
Все похожие вакансииСпециалист отдела дистрибуции и закупа
Главный специалист отдела экономического планирования и анализа
«QAZSPORT» телеарнасының бағдарламалық қызметінің аналитигі
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі
Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы
«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Қаржы қызметінің бухгалтері
Частые вопросы
Какую зарплату можно ожидать?
Работодатель указывает 450 000 – 450 000 ₸ для этой роли в РТРК Казахстан, Астана. Для сравнения медиана рынка — около 467 737 ₸ по 14 468 похожим предложениям.
Как откликнуться на вакансию?
Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.
Вакансии актуальные?
Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.
Где посмотреть тип занятости и формат работы?
Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по РТРК Казахстан и Астана.
