Вакансия актуальна
«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Қаржы қызметінің бухгалтері
500 000 – 500 000 ₸
РТРК КазахстанАстана
О вакансии
Міндеттері:
- Көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) бойынша заңды және жеке тұлғалар алдындағы кредиторлық берешектің есебін жүргізеді.
- Контрагенттермен (заңды тұлғалармен) өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін дайындап, белгіленген тәртіппен қол қоюды қамтамасыз етеді.
- Салық есептілігін дайындап, белгіленген тәртіппен ұсынады (300.00-нысан – «Қосылған құн салығы бойынша декларация», 300.07, 300.08-нысандар – «Берілген және алынған шот-фактуралар тізілімдері»; 101.04-нысан – «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»; 871.00-нысан – «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша декларация»; салық тіркелімдерін толтыру және бекіту; бухгалтерлік есеп деректерін дербес шоттардағы деректермен ай сайын салыстырып тексеру).
- Қызметтер мен қорлар бойынша статистикалық есептілікті дайындап, белгіленген тәртіппен тапсырады.
- Қорлардың есебін жүргізеді.
- Еңбекақыны және еңбекке ақы төлеудің өзге де түрлерін есептейді.
- Салықтарды (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық) және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары) аударады.
- Есеп айырысу-төлем ведомосын ай сайын Серіктестіктің Бас директорына бекітуге ұсынады.
- Серіктестік қызметкерлеріне есеп айырысу парақтарын ай сайын береді.
- Демалыстар бойынша резервті, әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдарды есептейді.
- Салық есептілігін дайындап, белгіленген тәртіппен ұсынады (200.00, 210.00-нысандар – «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация»; салық тіркелімдерін толтыру және бекіту; бухгалтерлік есеп деректерін дербес шоттардағы деректермен ай сайын салыстырып тексеру).
- Еңбекақы төлеу бойынша статистикалық есептілікті дайындап, белгіленген тәртіппен тапсырады.
- Негізгі құралдардың (бұдан әрі – НҚ) есебін жүргізеді (меншікті және сенімгерлік басқаруға қабылданған).
- Материалдық емес активтердің (бұдан әрі – МЕА) есебін жүргізеді.
- Контрагенттермен (НҚ және МЕА жеткізушілерімен) өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін дайындап, белгіленген тәртіппен қол қоюды қамтамасыз етеді.
- НҚ мен МЕА түгендеуін жүргізуге арналған түгендеу тізімдемелерін дайындайды.
- НҚ мен МЕА-ны жалға беру және оларды қайтару кезінде қабылдау-тапсыру актілерін дайындап, белгіленген тәртіппен қол қоюды қамтамасыз етеді.
- Қаржы қызметінің құзыреті шегінде Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
- Серіктестікте белгіленген талаптарға сәйкес күнделікті, апталық және айлық есептілікті жүзеге асырады.
- Ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ахуалды қолдайды. Өзара көмек, жауапкершілік, сенім, қолдау және оптимизм қағидаттарын ұстанады.
- Еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа және Серіктестікте бекітілген жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындайды.
- Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды.
- Бөлім басшысының және Серіктестік басшылығының еңбек қызметіне байланысты тапсырмаларын орындайды.
- Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтайды.
- Жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарайды.
- Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін жағдайлар, сондай-ақ өндірістік тоқтап қалу фактілері туындаған жағдайда бұл туралы жұмыс берушіге хабарлайды.
- Еңбек міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мәліметтердің құпиялылығын сақтайды және оларды жария етпейді.
- Бөлімше басшысы уақытша болмаған кезеңде (еңбек демалысы, іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық және өзге де жағдайларда) Қаржы қызметінің басшысы – бас бухгалтердің лауазымдық міндеттерін орындайды.
Талаптар:
-
Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), экономикалық;
-
Жұмыс тәжірибесі: есепке алу және бақылау саласында кемінде 2 жыл.
Жұмыс шарттары:
- Жұмыс кестесі: 5/2, 09:00-ден 18:00-ға дейін;
- Даму және мансаптық өсу мүмкіндігі;
- Корпоративтік іс-шаралар;
- Мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйақылар;
- Жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек;
- Тұрақты еңбекақы;
- Үлкен әрі тату ұжымда баға жетпес тәжірибе.
Рыночный ориентир
Около медианы467 737 ₸
467 737 ₸467 737 ₸
Смотрите также
Похожие вакансии
Все похожие вакансии
РТРК Казахстан
Специалист отдела дистрибуции и закупа
520 000 – 520 000 ₸
РТРК Казахстан
Главный специалист отдела экономического планирования и анализа
500 000 – 500 000 ₸
РТРК Казахстан
«QAZSPORT» телеарнасының бағдарламалық қызметінің аналитигі
490 000 – 490 000 ₸
РТРК Казахстан
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заң кеңесшісі
500 000 – 500 000 ₸
РТРК Казахстан
Техникалық қамтамасыз ету департаменті студиядан тыс хабар тарату құралдары бөлімінің инженері
450 000 – 450 000 ₸
РТРК Казахстан
Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы
450 000 – 450 000 ₸
Частые вопросы
Какую зарплату можно ожидать?
Работодатель указывает 500 000 – 500 000 ₸ для этой роли в РТРК Казахстан, Астана. Для сравнения медиана рынка — около 467 737 ₸ по 14 468 похожим предложениям.
Как откликнуться на вакансию?
Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.
Вакансии актуальные?
Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.
Где посмотреть тип занятости и формат работы?
Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по РТРК Казахстан и Астана.
