Менеджер отдела заботы о клиентах
Менеджер отдела заботы о клиентах — Мұхамеджан, Астана. Зарплата: от 300 000 ₸. Условия: полный день, в офисе. Опыт: 1–3 года. Опубликовано 05.11.2026. Отклик — на сайте hh.kz: кнопка «Откликнуться» открывает исходную вакансию.
О вакансии
Біз саған ең қымбатымызды — оқушылар мен ата-аналардың сенімін тапсырамыз. 💚
FM ONLINE-ға қамқорлық маманын іздейміз.
FM ONLINE — оқушыларды физика, математика және информатикадан ҰБТ-ға дайындайтын онлайн білім беру компаниясы.
ҰБТ-ға дайындықта оқушының да, ата-ананың да уайымы көп. Бірі сабақтан қиналады, бірі баласының нәтижесіне алаңдайды. Кейде жауабы кешіккен бір сұрақтың өзі «Бізге көңіл бөліп жатыр ма?» деген күмән туғызады.
Сенің міндетің — оқушы мен ата-ананың бізге артқан сенімін сақтау.
Ол үшін адамды мұқият тыңдап, не болғанын түсініп, нақты әрекет ету керек. Берген уәдеңді орындап, әр сұрақты шешіміне дейін жеткізу керек. Біз осы жауапкершілікті өзіне ала алатын әріптес іздейміз.
Сенің қамқорлығың жұмыста қалай көрінеді?
— Оқушыға немесе ата-анаға ойын ашық айтуға мүмкіндік бересің, нақтылаушы сұрақтар арқылы мәселенің себебін анықтайсың;
— Куратормен, мұғаліммен немесе басқа бөліммен байланысып, шешім табуды үйлестіресің;
— Қандай әрекет жасалатынын, қашан жауап берілетінін түсіндіресің. Уақыт созылса, өзің алдын ала хабарлайсың;
— Өтініштің орындалуын қадағалап, соңында мәселенің шешілгеніне көз жеткізесің;
— Шағымдармен және қайтару өтініштерімен сабырлы, ашық сөйлесіп, жағдайды әділ шешуге көмектесесің;
— Қайталанатын мәселелерді талдап, командаға қызметті қалай жақсартуға болатынын жеткізесің.
Бұл жұмыс саған сай, егер:
— Клиенттермен кемінде 1 жыл жұмыс істеген болсаң және EdTech саласында тәжірибең болса;
— Қазақ тілінде сауатты, түсінікті сөйлеп, жаза алсаң;
— Адамды тыңдап, күрделі әңгімені сабырмен жүргізе алсаң;
— Қарсылықтармен, күрделі клиенттік жағдайлармен және қайтару өтініштерімен жұмыс істеген болсаң;
— amoCRM мен Google Sheets-ті қолданып, ақпаратты мұқият тіркеп, талдай алсаң;
— «Хабарласамын» десең, ұмытпай хабарласатын адам болсаң.
Жұмыс шарттары
— Тұрақты жалақы — 200 000 ₸ + KPI бойынша 100 000 ₸;
— Кеңседе, 6/1, 12:00–20:00.
Бізде сен неге ықпал ете аласың?
Сен оқушы мен ата-анадан естіген мәселе командадағы нақты өзгеріске себеп бола алады. Ұсынған шешімдерің оқу мен қызмет сапасын жақсартуға көмектеседі.
Клиенттік сервис пен аналитика бағытында дамып, тереңдетілген сұхбат жүргізу, CRM және деректермен жұмыс істеу дағдыларыңды жетілдіресің. Бастамаңды айтып, оның нәтижесін көруге мүмкіндік бар.
Сен көмектескеннен кейін адам: «Мені тыңдады. Уәдесінде тұрды. Мәселем шешілді» дей алса — біз іздеген қамқорлық осы. 💚
Түйіндемеңді жіберіп, клиенттің мәселесін соңына дейін шешкен бір жағдайыңды қысқаша айтып бер. Танысайық!
Смотрите также
Похожие вакансии
Все похожие вакансииСату менеджері
Физика пәнінен методолог
Информатика пәні мұғалімі
HR-менеджер (FM Online)
HR-рекрутер (FM Online)
Математика пәнінің методологы
Частые вопросы
Какую зарплату можно ожидать?
Работодатель указывает от 300 000 ₸ для этой роли в Мұхамеджан, Астана.
Как откликнуться на вакансию?
Перейдите на страницу источника и свяжитесь с работодателем там. Finder не берёт денег с соискателей.
Вакансии актуальные?
Да. Finder регулярно обновляет базу из открытых источников и убирает закрытые предложения.
Где посмотреть тип занятости и формат работы?
Ключевые условия показаны над описанием. Также можно открыть связанные подборки по Мұхамеджан и Астана.
